«Өмір бәріненде қымбат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

1576
Еңбекші АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Гулмира Пашаеваның қатысуымен мектеп қабырғасында кезекті кездесу өтті . Білім ұйымдарындағы басқосудың мақсаты ерте жастағы жүктіліктің алдын алу турасында оқушыларға айтып, жіті түсіндіру. «Өмір бәріненде қымбат» атты іс-шара дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған.
Кездесуде тәртіп сақшысы әйел затының жандүниесі және жасөспірімдердің ой-санасы жайлы толығырақ айтты. Оқушылар күнделікті өмірде кездесетін жат дүниелерден алыс жүру қағидаларын сұрап, білді. Сауалдарына мардымды жауап алды.
Дөңгелек үстел барысында «Ерте жүктілік – адамның психологиясына, физиологиясына кері әсерін тигізетіндіктен, алдын алу шараларын барынша қолға алып, дұрыс ақпараттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу керек деп есептеймін. Қыз баланың психикасына кері әсер етпейтіндей, дұрыс құлақтандырудың маңызы жоғары» — деді полиция майоры Гулмира Пашаева.
Айта кетейік, мектептерде мұндай маңызы мол, тәлім-тәрбиеге бағытталған түсіндірме сағаттары мен дөңгелек үстелдер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.