НЕГІЗГІ МІНДЕТ – МЕМЛЕКЕТТІК САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

1463

Мемлекеттік қызметтерді көрсету – халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты мақсаты – азаматтардың түйіткілді мәселелерінің оң шешілуін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету халықтың игілігіне, азаматтардың сұранысы мен талап-тілектеріне бағытталуы тиіс.

Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсетудегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі функциясы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

Осы орайда, 2021 жылы Түркістан облысының мемлекеттік органдарымен 372 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Жалпы облыстағы қызмет беруші мекемелер тарапынан 18 039 195 қызмет көрсетіліп, оның ішінде, электронды түрде 17 446 986 қызмет көрсетілген. Бұл ретте, электронды түрде қызметтер алу үлесі 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,6 пайызға артып, нәтижесінде 96,7 пайызды құрап отыр.

Өз кезегінде, «электрондық үкімет» порталы арқылы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бір терезе принципі бойынша жеңілдету құрылған. Бұл мемлекеттік орындардың барлық қызметтері мен функцияларының электронды түрі. Яғни мемлекеттік органдар қызметіне онлайн режимде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Онлайн қызметтер әрқашанда қолжетімді болуы тиіс. Бүгінгі таңда egov.kz порталында қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 500-ден астам ақпараттық жүйелер мен 1500-нан астам интеграциялар жұмыс істейді. Бұл жұмыстың негізгі бағыты – мүмкіндігінше барлық қызметтерді проактивті форматқа көшіру – яғни қызмет көрсету бастамашысы азамат емес, мемлекет болады.

Әрине, барлық мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру мүмкін емес. Себебі медициналық тексеріс сияқты кейбір қызметтер бар. Дегенмен, мемлекеттік қызметтер барынша онлайн режимге ауыстырылса сыбайлас жемқорлықта, бюрократия да азаймақ. Ең бастысы қоғамның мемлекеттік қызмет алуға деген сенімі артады.

Айта кету қажет, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруда Депаратаменттің  Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 31 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 3982 бұушылық анықталған.

Оның ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтамау -3441 (86,4%), қызмет көрсету мерзімін бұзу -201 (5%), жұмыс мерзімін сақтамау -103 (2,5%), мемлекеттік қызметті толық емес құжатпен ұсыну 74 (1,8%) құраған. Бұзушылықтардың басым бөлігі кеден ісі, жер қатынастары және ауыл шаруашылық салаларында орын алған.

Департамент ұсынысымен заңбұзушылықтарға жол бергені үшін мемлекеттік органдардың 65 қызметкері әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, Департаментпен жүргізілген тексерулер нәтижесінде  ӘҚБК 465-бабымен әкімшілік  құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты 92 әкімшілік хаттама түзіліп, 3 398 305 теңге айыппұл өндірілген.

Осы ретте, Департамент мемлекеттік органдар арасында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында әдістемелік көмекті ұдайы көрсетіп отырады.

Мәселен, 2021 жылы жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арасында мемлеукеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру мақсатында 568 іс-шара өткізілді.

Ия, мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналды. Яғни, даму кезеңімізде мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізіліп, уақыттың көші жылжыған сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарда барынша күшейтіліп келеді. Демек, бұл мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіру мәселесі әрбір орган қызметінің басты бағытына айналуы тиістігін көрсетеді.

 

Д.А.Суртеков

ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің

 Түркістан облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет көрсету

басқармасының басшысы