«Балабақша — тәрбие баспалдағы!»

1680

2022 жылғы 13 мамыр күні ЖШС «Ақбота-Ару» бөбекжайы» балабақшасында Наурыз мерекесі және Төлеби ауданының 90 жылдығы мен «Балалар жылына» орай ұйымдастырылған мерекелік іс- шарамыз ауыз толтырып айтарлықтай керемет деңгейде өтілді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- білімді, жан- жақты тәрбиешілердің еншісінде.
Мерекелік іс-шарамыздың ашылу салтанатын Түркістан сарайы мәдениет саласының майталманы Назарбек ағамыз сөз сөйлеп, ашып Зертас ауыл округі аумағындағы құрметті ел ағаларын сахна төріне шақырды. Мұнда Омарханұлы Сатыбалды және Әсет Асанов ағаларымыз балабақшаның өркендеп өсіп, талай жетістікке жеткен тұстарын айтып өтті. Балабақша ұжымы еңбеккерлеріне сәттілік тілеп, балалардың аман есен жақсы тәрбие алып мектеп табалдырығына барып жақсы оқушы атануларына тілектес екендіктерін жеткізді.
Балабақшамызға ЮНЕСКО ұйымы Федерациясының өкілдігінен Тойаш Балтақарақызы келіп, ұжымға алғысын айта отырып, жеті жылға жуық көптеген балабақшадағы жұмыстардың атқарылғандығын растап, балабақша директоры Махаббат Досмахан қызына ерен еңбегі үшін Құрмет медалін тақты.
Төлеби аудандық Адами әлеуетті дамыту басқарма әдістемелік бөлімінен Анар ханым Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту білім бөлім басқармасы басшысы Дінислам Болатханұлынан берілген Алғыс хат құттықтау марапатын ұжым қызметкерлеріне табыс етті.
Балалардың өнерлері мен тақпақтарын тыңдаған, қазақтың салт дәстүрінен екі Айбек пен Іңкәр бүлдіршіннің «Айтыс» өнерін тамашалаған қонақтар қуанып риза болып, балаларға қошемет құрметтерін көрсетіп, оң баталарын берді.
Мерекеге келген барлық ата-аналар керемет көңіл күйде болып, ұжымға алғыстарын жаудырды.
Кезектесіп сөз алған зейнеткер ұстаздар, ата-аналар өз қуаныштарын жеткізіп бала тәрбиелеу жолындағы еңбектерін жоғары бағалап, жылы лебіздерін жеткізді.
Осындай бала көңіліне қуаныш сыйлар, ата-анаға мақтаныш болар ұжымдастарға еңбектеріңіз жансын болашақ бүлдіршіндер аман болсын деген тілек соңымен Балабақша- тәрбие баспалдағы екенін ұғындырғандаймыз.
Тек алға ұжым қызметкерлері!
Жемісті күндеріміз көп болғай.