ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

1790
2021 жылы Түркістан қаласында 37 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің қадағалауымен құрылыс сапасы, мердігерлердің өз міндеттемелерін талапқа сай орындауы қатаң бақылауға алынған.
Зерделеу нәтижесінде сотқа көпқабатты тұрғын үй құрылысына қатысты 6 шағым түсірілді. Соттың шешімімен 3 мердігерге айыппұл салынып, 1 мердігер жосықсыз деп танылды. 23 тұрғын үйдің құрылысы жіті бақылауға алынды. Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі тарапынан 10 нысанға қатысты келісімшартқа сәйкес, қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде 3 мердігерге айыппұл салынып, 2 мердігер соттың шешімімен жосықсыз деп танылды. 6 инженерлік инфрақұрылым, саябақтар мен абаттандыру бойынша анықталған кемшіліктер кепілдік мерзіміне сәйкес ретке келтірілуде.
Жалпы, Түркістан қаласында көпқабатты тұрғын үйлермен қатар, бірнеше ауқымды жобалардың құрылысы да жүргізілді.
Былтыр Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолынан Майкотов көшесіне дейінгі 6,5 шақырымды асфальт жабыны толық төселіп, науа (лоток) және аяқжол мен веложолдар жүргізілді. Жібек жолы көшесінің М.Абенова көшесінен Б.Саттарханов даңғылына дейінгі аралығы қайта жаңғыртылды.
2022 жылы Ә.Жангелдин, І.Қожабаев көшелерін жаңғырту, Қазыбек би және Жарылқапов көшелері аралығына жол құрылысы, Бірлік елді мекенінің Арнасай көшесімен Алғабас көшесінің аралығына «Арыс- Түркістан» каналынан өтетін автомобиль көпірін салу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі