«ЖАСТАРДАН ЖАСТАРҒА — АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ ӨТУДЕ

840

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуен жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты  — Шымкент қаласы және шалғай аудандарда орналасқан елді – мекендердегі жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу және NEET санатындағы жастар үлесін азайту.

Аталған жобаның ішінде мемлекеттік бағдарлама «Болашақ бағдарламасы» жайында видео-ролик түсіріліп, жастардың назарына ұсынылды.