Ел тұрғындарының 93 пайызы тозығы жеткен көлік мініп жүр

1119

Ұлттық статистика агенттігінің мәлімдеуінше, 2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында 95 801 жеңіл автомобиль есепке қойылды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% аз.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 3 млн 907 мың 200 автомобиль тіркелген.

– Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер басым – 48,9%, ал 3-тен 7 жылға дейінгі көліктер 6,8%, – деп хабарлады Ұлттық статистика агенттігі.

Жеңіл автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында – 501,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 463,7 мың бірлік және Нұр-Сұлтан қаласында – 285,4 мың, жеңіл көліктің ең азы – Қызылорда облысында 97,3 мың бірлік.

Жеңіл автокөліктер жанармай ретінде негізінен бензинді пайдаланады (86,7%), көлік құралдарының 9,1% аралас отынмен жүреді.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында қозғалтқыш көлемі бойынша 1500-ден 2000 текше/см дейінгі автомобильдер басым – 1 749,3 мың бірлік.