ЖҮЙРІКТЕР БАҚ СЫНАСТЫ!

706

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 30 тамыз — ҚР Конституция күніне жастар арасында «IQ ZHASTARY» интеллектуалды ойыны өтті, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі. Интеллектуалды ойынның мақсаты — жастардың білімге, оқуға құлшынысын және бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру. «IQ ZHASTARY» осы уақытқа дейін төрт ауданда өтіп, оған қатысқан 80-нен астам жас бақ сынасты.

Қатысушылар білім мен біліктілік, пайым мен парасат, тапқырлық пен шапшаңдық қабілеттері бойынша сынға түстіп, финалдық ойынға 24 қатысушы жолдама алды. Жас дарындылар арасында қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жас журналистер мен кәсіпкерлер, блогерлер бар. Сайыс барысында кіл мықтылар өз дарындылығын дәлелдеді. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар орталықтың атынан арнайы дипломдарпен марапатталды. 1 орынды «Жастар Рухы» тобы иеленсе, 2 орынға «Жас Тұлпар» тобы лайық деп танылды. 3 орынға «Ахмет Байтұрсынұлы» тобы ие болды. Жарысқа қатысушы командалар ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдіріп, мұндай шаралардың алдағы уақытта жиі өткізу бойынша ұсыныстарын білдірді.

Айта кетейік, халықаралық жастар күніне орай Жастар ресурстық орталығнда «Жастар ел болашағы» атты жастар кеші өтті. Аталған іс-шараның мақсаты — қала жастарын мерекемен құттықтап, кешкі уақытын қызықты әрі тиімді өткізу. Мерекелік кеште Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қала жастарын айтулы мерекемен құттықтады. Іс-шарада қала тұрғындары мен жастары үстел теннисінен сайысқа түсіп, белсене қатысқан азаматтар сыйлықтарға ие болды. Жас бүлдіршіндерден бастап үлкен кісілерге дейін караокеде ән шырқап, мерекелік кешті қызықты өткізді.