Енді салық төлемеген такси жүргізушілері 46 мың теңге айыппұл төлейді немесе көлігі тәркіленеді

1345

Бұдан былай жеке такси қызметін көрсететін жүргізушілер кәсіпкер ретінде тіркеліп салық төлемесе көлігі тәркіленеді.

Сондықтан мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаумен айналысатын азаматтар міндетті түрде жеке кәсіпкер болып тіркелуі тиіс дейді.

Мемлекеттік кірістер комитеті елде такси қызметін көрсеткісі келетіндер үшін кәсіпкер ретінде тіркелуді міндеттеп отыр.

Ең алдымен, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет.

Ол үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізетін мекенжайы бойынша салық органына ЖК ретінде қызметінің басталғанын хабарлайды.

Белгіленген нысан бойынша хабарламаны ол электронды үкімет порталы арқылы немесе мекемеге барып өткізеді.

Жеке тасымалмен айналысатын жеке тұлғалар режимнің мынадай түрлері бойынша тіркеле алады:

— патент негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын ЖК;

— e-Salyq Business арнайы мобильді қосымшасын пайдалана отырып АСР қолданатын ЖК;

— оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК;

— ЖК жалпы белгіленген режимде.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 463-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен тиісті тіркеусіз айналысу жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, қайталап бұзған кезде – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзу жасаған заттары мен құралдары тәркіленеді.