Бағдары айқын, халық сұранысымен үндескен саяси жауапкершілігі мол құжат

957

Бүгін  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабта өзінің  «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз ұшін» атты  сайлауалды бағдарламасын жариялады. Халықтық коалицияның Түркістан облыстық  қоғамдық штабының мүшелерімен  бірге  мен де  бейнебайланыс конференция арқылы қатыстым.
Айта кететін бір мәселе  2019 жылғы Президент сайлауында  Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев  «Сабақтастық,Әділдік,Өрлеу»   атты үш бөлімнен тұратын сайлауалды бағдарламасын халыққа жариялаған болатын.  Қысқа болса мазмұнды құжат көпшіліктің ойынан шыққанын білеміз.  Бір ғана мысал  «Педагог мәртебесі  туралы» «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңдардың қабылдануы жұмыс жасауы  жақсы тірліктің айғағы. Бұл жолғы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы  өткен жолғыдан да керегесі кеңірек, ауқымды әділдік принциптер ары қарай жалғасын тапқан. Бүгінгі  қоғамдық штабта Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басында   қолдау көрсеткен барша қоғамдық ұйымдар мен саяси партияларға, тілек білдіруші азаматтарға алғысын жеткізіп,осындай қолдауға ие болу  мен үшін үлкен мәртебе деді. Үш жарым жыл ішіндегі қиындықтарға  қарамастан  барлық салада реформалар жүргізілгенін,референдум арқылы Ата заңға  өзгерістер енгізілгеніне тоқталды.Билік пен қоғам арасындағы  диалог нығайа түсіп, тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жоюға кірістік деді. Сондай-ақ, елдік мәселерді бірлесіп талқылау үшін Ұлттық құрылтай құрылып,»Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасы іске асырылып жатқанына,   елімізде мемлекеттік аппаратты жаңарту үдерістері, сот саласында реформаландыру, әскери күштерді  жарақтандыруды жақсартуға күш  салынатындығына тоқталды. Сайлауалды бағдарлама  үш қағидаттан    тұрады.
Бірінші  қағидат-ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. Бұнда саяси жаңғыртулар қамтылып,»Күшті Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет»  қағидатын іске асыру билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік көзделген.
Екінші қағидат—ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА.Бұнда мемлекет пен бизнестің  мүддесінің бірдей қорғау, халықты жұмыспен қамту,әлеуметтік әділ саясат орнату арқылы әділетті экономика құру, еңбекті бағалау ,әлеуметтік топтардың  арасындағы алшақтықты         жоюға         бағытталған.
Үшінші ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ орнату қағидаты.Бұнда  адамдардың денсаулығы, білімі мен өмір сүру сапасының жақсы болуы мемлекет жауаптылығы қамтылады. Әрбір азамат мемлекеттің қамқорлығын сезініп, әлеуметтік бюджет қарапайым адамдардың проблемасын шешуге, елді өркендетуге жұмсалады деді.Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде » Мемлекет дегеніміз бұл-ортақ құндылықтары бар халық деген сөз»  деп  өте  қарапайым тілмен  пайымды     тұжырым    жасады.Мемлекетімізді  көркейтіп,Тәуелсіздігімізді  нығайту жолындағы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  сайлауалды бағдарламасы  — стратегиялық бағдары айқын, мазмұны  терең, халық сұранысымен үндескен Әділетті қазақстанды құрудағы саяси жауапкершілігі мол құжат. Сайлауалды бағдарламаның тілі жатық,оқылуы оңай, жүректен шыққан ойлардың жиынтығы екені бірден сезіледі.

 

Қалыйма   Жантөреева
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы
Атқарушы хатшысының орынбасары,
Түркістан облыстық мəслихатының депутаты,
Түркістан облысының Құрметті азаматы