ҚАЛА БАСШЫСЫ ҚАЗАНДЫҚТАРДЫ ТЕКСЕРДІ

1037
Бүгін қала басшысы Мұрат Әйтенов шаһардағы жылу қазандықтарын тексеріп шықты.
Солардың бірі — 1989 жылдары іске қосылған №3 қазандық. Қуаттылығы 60 Гкал.
3 жылу қазандығы бар нысан, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 216 көп қабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуде.
Қазіргі уақытта барлық үйлерге жылу берілген, құрылғылар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Шымкентте қыс енді басталды, аязды күндер алдымызда, сондықтан қауіпсіздікті сақтай отырып, қазандықтардың үзіліссіз жұмысын қадағалаңыздар»,-деді қала әкімі тиісті басқарма мен жауапты сала басшыларына.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі