ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «КЕЛЕС СУ» МЕКЕМЕСІ ҚҰРЫЛЫП, КӘСІБИ МАМАНДАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

954
Түркістан облысы, Келес ауданы Ұшқын елді мекеніндегі Д.Қонаев көшесі биыл орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Ұшқын ауылдық округіндегі Достық және Ырысты көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Келесі жылы Достық және Қоралас елді мекендері табиғи газбен қамтылады деп жоспарлануда
Тұрғындар сұранысын қанағаттандыру бағытында аудан аумағында біршама жұмыстар қолға алынып, бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстардың дені аяқталған. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.
Аталған елді мекенде ауыз су жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі негізгі мәселенің бірі. Сондықтан, мәселені толыққанды шешу мақсатында «Келес су» мекемесі құрылады. Жыл соңына дейін іске кірісетін коммуналдық кәсіпорында жергілікті тұрғындар арасынан кәсіби мамандар жұмысқа тартылатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі