Ержан Максим әлемдік конкурстан Гран-при жеңіп алды

6517

«Голос. Дети» конкурсында ерекше көзге түскен қазақстандық жас әнші Ержан Максим тағы бір байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл конкурсқа әлемнің 16 елінен 32 бала қатысқан.

«Ал Қазақ елі, жеңіс құтты болсын! Ең әуелі Аллаға шүкіршілік айтамын және бар дұға-тілегін жаудырып жатқан еліме ерекше алғысымды білдіремін. Мен WAF AWARDS премиясына және WAF CONTEST байқауына қатысып, Гран-приді жеңіп алдым.

Осы WAF AWARDS жүлдесіне әлемнің түкпір түкпірінен 12 бала таңдалыпты. Соның ішінде мен де шақырту алдым. Жарысқа 16 елден 32 бала келіпті. Алғашында «байқауға қатысамын» деп ойлаған жоқпын.

Осы жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын және көк туымыз көкте, әлемде желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш боп, жеңістерге, биіктерге көтеріле берейік», — деп жазды Ержан Максим.