ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

909
Шымкенттің шалғай жатқан аудандарын инфрақұрылыммен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.
Мысалы, Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамту жұмысы 2022 жылдың шілде айында басталған. Қазіргі таңда құрылыстың 40% аяқталып, 150 шақырым құбыр тартылды. 500-ден астам абонентке су есептегіш құралы орнатылды. Бүгінде құбырларды жуып-шаю, дезинфекциялау жұмысы жүргізілуде.
Қаңтар-ақпан айларында қосымша 1000 абонентке су есептегіш құрылғысы орнатылып, содан кейін су берілетін болады. Жалпы Қайнарбұлақты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы 2023 жылдың қараша айында толық аяқталады. Оған дейін құрылысы біткен аумақтарға су рет-ретімен беріледі.
Ал табиғи газбен қамту жұмыстары 2 кезекпен басталған. I кезектегі жұмыстың 35%-ы, II кезек бойынша 15%-ы аяқталған. Бекітілген жоспарға сәйкес, тұрғын алапты табиғи газбен қамту құрылысы осы жылдың IV тоқсанында толығымен аяқталады.
Шымкент қаласының әкімдігі