Бейсенбі, 16 ақпан күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин әлеуметтік әріптес — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева басшылық жасайтын Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының кәсіподақ активімен кездесуіне қатысты. Кездесу Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының алаңында өтті.
Әлеуметтік әріптестік тараптары бірлескен қызметтің басымдықтарын белгіледі. Ашық форматтағы кездесу болды. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының негізгі қызметі туралы айта келе, оның төрайымы Айгүл Мұқашева ұстаздар қауымының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақ ұйымдарының рөлін атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымы ҚРКФ мүше ұйымдар арасында саны жағынан ең ірісі болып табылады, ол 619 738 кәсіподақ мүшелерін қамтитын 9 016 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді. Айгүл Мұқашева атап өткендей, салалық кәсіподақ ҚРКФ жұмыс тобының құрамында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеуге және талқылауға барынша тікелей қатысты.
Өз кезегінде өмірінің 45 жылын кәсіподақ ұйымдарына арнаған кәсіподақ қозғалысының ардагері Майра Тұрғанқызы Амантаева әлеуметтік әріптестіктерге сала ардагерлерінің тәжірибесін талқылап, педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту бойынша бірлескен шешім қабылдауда пайдалануды ұсынды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев саланың кәсіподақ қауымдастығына арнаған сөзінде әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге түсе алатын қазақстандық білім мектебін құру бастамасын ілгерілету үшін күш біріктіруді ұсынды.
«Біріншіден, мен мұғаліммін, содан кейін министрмін. Яғни, білім беру жүйесіндегі мәселелерді іштей білемін. Қазақстандық білім беру мектебінің сапасын дамыту үшін күш-жігерімізді біріктіретін уақыт келді. Кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, балабақшадан бастап, білім беру жүйесін, оқу-тәрбие үдерісін жақсарту үшін оқу орындарында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек», — деді Ғани Бейсембаев.
Тараптарды тыңдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин үшпартиялықтың барлық тараптары – үкімет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер қызметінің негізгі басымдықтарына тоқталды. Ол жұмыс топтары аясында кәсіподақтар «Әлеуметтік әріптестік туралы» заңды қабылдау бойынша бірқатар ұсыныстар әзірлегенін айтты.
«Сонымен қатар, біз қолданыстағы Еңбек кодексін Жаңа қоғамдық келісімнің негізгі басымдықтарына – Еңбек адамын құрметтеуге, оның еңбегін құрметтеуге, әлеуметтік әріптестердің мүдделерін құрметтеуге сәйкес келетін жаңасына өзгерту керек деп санаймыз», — деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.
Оның пікірінше, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың тарапынан кәсіподақ ұйымдарының қызметіне араласуының жекелеген фактілері қазақстандық заңнаманы бұзу болып табылады.
«Кәсіподақтар ешқашан даудың көзі болған емес және болмайды, кәсіподақтар – жұмыс берушілердің қарсыласы емес, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер салауатты, сындарлы ынтымақтастықты құрудағы әріптестер. Әлеуметтік әріптестер арасындағы қарым-қатынастар заңмен айқындалады – олар тең. Біздің алдымызда тұрған ортақ міндет – Әділетті Қазақстанды құру. Ал Әділетті Қазақстанда әділетті еңбек қатынастары болуы тиіс. Тек қана паритеттік негізде бірлескен, келісілген іс-әрекеттеріміз ғана бізге отандастарымыздың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі», — деп түйіндеді сөзін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
ҚРКФ медиаорталығы
В четверг, 16 февраля, Председатель Федерации профсоюзов РК Сатыбалды Даулеталин принял участие во встрече социальных партнеров в лице министра просвещения РК Гани Бейсембаева с профсоюзным активом Казахстанского отраслевого профсоюза работников просвещения, науки и высшего образования во главе с председателем Айгуль Мукашевой. Встреча прошла на площадке Федерации профсоюзов РК.
Стороны социального партнерства обозначили приоритеты для совместной деятельности. Разговор получился открытый. Говоря об основных направлениях деятельности Казахстанского отраслевого профсоюза работников просвещения, науки и высшего образования, его председатель Айгуль Мукашева отметила роль профсоюзных организаций в защите прав и интересов преподавательской общественности.
Сегодня Казахстанский отраслевой профсоюз просвещения, науки и высшего образования самый крупный по численности среди членских организаций ФПРК, он объединяет 9 016 первичных профсоюзных организаций с общим охватом 619 738 членов профсоюзов. Как отметила Айгуль Мукашева, отраслевой профсоюз в составе рабочей группы от ФПРК принимал самое непосредственное участие в разработке и обсуждении законопроекта «О статусе педагогов».
В свою очередь, ветеран профсоюзного движения, отдавшая 45 лет своей жизни деятельности в профсоюзах, Майра Тургановна Амантаева предложила соцпартнерам использовать опыт ветеранов отрасли при обсуждении и принятии совместных решений по улучшению условий труда педагогов.
Министр просвещения РК Гани Бейсембаев, обращаясь к профсоюзному сообществу отрасли, высказал предложение объединить усилия по продвижению инициативы создания казахстанской школы образования, способной конкурировать в мировом образовательном пространстве.
«Я, прежде всего, учитель, а потом уже министр. И о проблемах в системе образования знаю изнутри. Настало время объединить наши усилия для развития качества казахстанской школы образования. Совместно с профсоюзами нам предстоит провести масштабную разъяснительную работу в учительской среде по повышению качества системы просвещения, образовательного и воспитательного процесса, начиная с детского сада», — сказал Гани Бейсембаев.
Выслушав стороны, Председатель Федерации профсоюзов РК Сатыбалды Даулеталин подчеркнул основные приоритеты для деятельности всех сторон трипартизма – правительства, работодателей и работников. Он сообщил, что в рамках рабочих групп профсоюзами выработан ряд предложений по принятию закона «О социальном партнерстве».
«Более того, мы считаем, что существующий Трудовой кодекс нужно менять на новый, который соответствовал бы основным приоритетам Нового общественного договора – уважать Человека труда, уважать его труд, уважать интересы социальных партнеров», — подчеркнул Сатыбалды Даулеталин.
По его мнению, отдельные факты вмешательства в деятельность профсоюзных организаций со стороны работодателей и государственных органов являются нарушением казахстанского законодательства.
«Профсоюзы никогда не были и не будут источником конфликтов, профсоюзы — не противники работодателей, профсоюзы и работодатели — партнеры в построении здорового, конструктивного сотрудничества. Взаимоотношения между соцпартнерами определены законом – они равные. Общая задача, которая стоит перед нами – построение Справедливого Казахстана. А в Справедливом Казахстане должны быть справедливые трудовые отношения. И только наши совместные, согласованные действия на паритетной основе помогут нам улучшать благосостояние наших сограждан», — резюмировал Председатель Федерации профсоюзов РК.
Медиацентр Федерации профсоюзов РК