Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

680

Онда отыз жыл бойы президенттік тақтан түспеген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың  табыстары қоса есептегенде бір жылда 800 млн долларға көбейіп, ең бай адамдар тізімінде алғашқы үштікке шыққан.

Сондай-ақ, бұл тізімде Н. Назарбаевтың жақындары, оның ішінде Дариға Назарбаева 14-орында, оның ұлы Нұрәлі Әлиев 29-орында, Нұрбол Назарбаев 45-орында тұр.

Қазақстандағы ең бай адамдар тізіміндегі бірінші орынды KAZ Minerals-қа иелік ететін 62 жастағы Владимир Ким қасқайып тұр. Журнал оның байлығын 4,6 млрд доллар деп есептейді.

Алайда, Құлыбаевтар отбасының капиталын қоссақ, ол 8,6 миллиард доллар деп. Яғни, Кимнен гөрі Құлыбаевтың ақшасы көптеу. Оның үстіне  былтырғысынан салыстырғанда  биылғы доллары бір миллиардқа көбейіп кеткен. Назарбаевтың ортаншы қызы мен оның күйеуі Forbes журналына енген 2640 адамның ішінде 636-орында тұр.

Былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президенттің ықпалы азайып, кейбір туыстарына қатысты айып тағылып, тіпті, бірлі-екісі сотталған да еді.

Алайда, Forbes журналының дерегіне қарасақ, Назарбаев әулетіндегі миллиардтаған доллардың мұрты да қисаймаған, қайта көбейіп кеткен.

malim.kz