«Денсаулығыма зиян». Әнші Жазира Байырбекова өзін қалай сабырға шақырып жүргенін айтты

1796

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде өзін қалай сабырға шақырып жүргенін жазып, сырын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Сабырлығымның сырын сұрайтындар көп. Өмірдің уақытша екенін ұмытпау. Тіпті күйеуім де, ұлым да, қызым да, әркімнің жақсы көруі, құрметтеуі, қамқорлығы өз қалауымен болса болғаны жақсы, болмаса мәжбүрлемеу. Ешкім маған ештеңе міндетті емес екенін білу. Жамандар жаман болайын демейді жәй болмысы солай. Ешкімге пайдасы жоқ адамдар миына, жүрегіне мейірімділік салмағаннан. Адамның миына идеяларды Алла тағалам салады», — деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әнші сондай-ақ негатив адамдардан алыс жүруге тырысатынын да жасырмады.

«Бір адамның ұнамайтын қасиетін көргенде сол адамның бойынан жақсы қасиетті іздеп табу. Жақсы қасиеті жоқ, негативтерімен шаршататын адамнан (туысым болса да) алыс жүру. Маған бұйырған несібе ешқайда кетпейді. Мені алдаған, маған қиянант жасағысы келетін, мені сыртымнан жамандап сөгетін Адамдарды Аллаға тапсыру. Кез келген жетістікті, жақсылықты, несібені өзімнің өнерім,өзімнің еңбегім демей Алланың беріп жатқаны деп сезіну», — деп, бұл аталғанның бәрі оны сабырға шақыратын әдеттер екенін айтты.

«Біреу баладан, біреу күйеуден, біреу бауырдан, біреу қайын жұрттан, біреу достарынан, біреу қызметінен бақыт көреді. Адам өмірінде барлығы идеально болмайтынын түсіну. Шүкір ету. Мені сабырлы ететін осы ойларым шығар», — деп қорытындылады Жазира Байырбекова.

Бірақ, әншінің айтуынша, аталған әдеттердің көбі адамның денсаулығына зиян болуы да мүмкін екен.

«Мамандардың айтуынша менің кей ұстанымдарым денсаулығыма зиян екен. Бәрін кешіріп,бәрін ақтап алып жүре бермей арасында ұсып,ренжіитін жағдайда ренжіп айтып тастауым керек екен. Сіздер қалай ойлайсыздар. Ал сіздерді сабырға шақыратын ойлар қандай?», — деген әнші оқырмандарын да ойландырып қойған сияқты.

«Әрбір адам-бұл өмірдің актеры. Рольге енбейтін жаңа туған сәби ғана!», — деп ойын қорытындылаған әншінің жазбасы желі қолданушылары тарапынан өте жылы қабылданған сияқты.

«Сіздің сөздеріңізді өзіме жүктеп алсам бола ма?», «Кемел ой!», «Сабырлықпен бірге ақыл мен даналық бар сізде, Жазира ханым» деген жылы пікірлер жиі жазылып жатыр.