Әскерилерге үйін салдырған: Қазақстан ТЖ экс-вице-министрі сотталды

499

Ақмола гарнизонының әскери соты Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болған Ибрагим Күлшімбаевты бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

– Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тартып, ТЖМ ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп хабарлады Антикор.

Сондай-ақ, сот президенттің атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру ұсынысын енгізу жөнінде қаулы шығарды.

Күлшімбаев 2020 жылдан 2023 жылдың тамызына дейін Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр қызметін атқарған. Оның үстінен Қарағанды облысы бойынша Антикор іс жүргізді.