Астана Мәскеу мен Киевке келісім алаңын ұсынды

718

Кездесу барысында Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Осыдан біраз бұрын Ыстанбұл бейбітшілік келісімі ұсынылған. Бірақ ол құжат қабылданбады. Бірақ Тоқаев бейбітшілік орнатуға әлі мүмкіндік бар деп отыр. Бұл үшін ең әуелі әскери іс-қимылды тоқтату керек. Содан кейін ғана аумақтық мәселелерді талқылауға отырған жөн.

Президент те осыны айтып отыр. Тоқаев дәл қазіргі таңда Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жөніндегі жоспарын қолдау қажет деп есептейді.

Тоқаевтың сөзі нағыз дипломаттың әрекеті деуге лайық. Германияның канцлері келіп отыр. Украина туралы әңгіме өрбіді. Былай қарасаңыз, немістер Украинаға әскери қолдау көрсетіп келеді. Қасымызда мыңдаған шақырым шекарасы бар Ресей жатыр. Мәскеумен де, Киевпен де қарым-қатынасты үзуге болмайды. Осыған қарамастан соғыс туралы пікірін ашық жеткізді.

Кез келген мемлекет басшысы үшін ең бастысы халықтың аман-саулығы болуға тиіс. Мұны басқа-басқа, президент те жақсы түсінеді. Сондықтан әрдайым бейбітшілік бастамаларын әрдайым қолдап жүреді. Ресейдің төріне барып, әлгіндей пікір білдіреді. Бірақ байланысты үзген жоқ. Украинамен де жақсы қарым-қатынас ұстанған. Соғыс болып жатқан елге гуманитарлық көмек жіберуді қолдап отырады.

Өкінішке қарай, екі жарым жылдан асқан соғыс талай адамның өмірін жалмады. Осының бәріне қарап отырып, бейбітшілік қашан да қымбат екенін түсінесің. Тоқаевтың сөзін Шольц мырза ескеретін шығар. Демек, бұл тек Германияға емес, бүкіл ЕуроОдаққа ашық месседж болды.