Бұрын коронавирус жұқтырған адамдар 50% жиірек және ұзақ уақыт ауырады

1471

Ғалымдар COVID-19 жұқтырғандар басқа ауруларды тез жұқтыратынын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коронавирусты жұқтырған адамдар суық тисе, ұзақ ауыратынын, жөтелі кетіп болмайтынын байқады. Сент-Луис университетінің (АҚШ) ғалымдары мұны растады. Олар COVID-19-дан айыққан 200 000-нан астам адамның және инфекциясыз 600 000 адамның медициналық жазбаларына талдау жасаған.

«COVID-19 ауырлығына байланысты басқа инфекцияларды жұқтыру қаупі 20-50% артады», – деп мәлімдеді мамандар.


Коронавирустан кейінгі жылы сауығып кеткендердің бактериялық инфекциялар, саңырауқұлақтар, вирустар, тыныс алу жолдарының аурулары және өкпенің жедел зақымдануы әлдеқайда көп болды. Тіпті жеңіл COVID-19 ауруы бар адамдарда басқа ауруны жұқтыру ықтималдығы жоғары болды.

Ғалымдар мұның неліктен болғанын әзірге нақты айта алмайды. Зерттеушілер COVID-19 шырышты қабықтарды зақымдап, оларды патогендерге өткізгіштігін арттыру арқылы иммундық жүйеге ұзақ мерзімді теріс әсер етуі мүмкін деп болжайды. Олар осы құбылыстың артындағы тетіктерді түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет екенін көрсетеді.