Димаштың «Voice Beyond Horizon» жобасының жеңімпазы анықталды

65

Қазақстандық өнерпаз Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» жобасында бірінші орын алып, «Даңқ жұлдызы» атағына ие болды, деп хабарлайды Dimashnews.com сайты.

04:20, 24 Сәуір 2026 | GMT +5
Димаштың «Voice Beyond Horizon» жобасының жеңімпазы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық өнерпаз Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» жобасында бірінші орын алып, «Даңқ жұлдызы» атағына ие болды, деп хабарлайды Dimashnews.com сайты.

Фото: dimashnews.com
Аталған жоба Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асырылды. Түркістанда бастау алып, Ақтау мен Алматы қалаларында жалғасын тауып, бас қала Астанада қорытындыланды.

Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген сегіз қатысушы сапарларын бірге бастап, Қазақстанның киелі жерлерінің даналығы мен көркемдігіне куә болды.

Димаш Құдайберген атқарушы продюсер ретінде қатысқан жаңа музыкалық «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы эпизоды Қытайдың медиа кеңістігінде үлкен резонанс тудырды.

Жобаның ауқымды табысы Hunan TV телеарнасының кешенді есебімен де расталды. Премьера Қытайдың CVB желісіндегі аймақтық спутниктік телеарналар арасында, ұлттық CSM желісінде және CSM71 қалалық желісінде сенімді түрде көш бастады.

Сонымен қатар KuYun және Huanwang рейтингтерінде де аймақтық спутниктік арналар арасында бірінші орынға шықты.

Стримингтік платформалардағы тікелей эфирлердің жалпы қаралымы 102 миллионнан асты. Ал әлеуметтік желілерде жоба төңірегінде 143-тен астам ең көп талқыланған тақырып қалыптасты.