Мақтаарал ауданы, «№35 Болашақ жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дефектолог А. Нуралиева ата-аналарға «Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы толеранттылық пен инклюзивті мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында ата-аналарға ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқықтары, олардың қоғамда тең мүмкіндікке ие болуы, инклюзивті білім берудің маңыздылығы туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар әр баланың жеке ерекшелігін құрметтеу, мейірімділік пен түсіністік таныту, балаларды кемсітушілікке жол бермей қолдау көрсету мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Әр бала – ерекше, әр бала – қымбат!
Біздің басты мақсатымыз – әр баланың өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасау, ата-аналар арасында толеранттылық пен инклюзивті мәдениетті қалыптастыру.
Инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруда ата-аналардың көзқарасы мен қолдауы ерекше рөл атқарады. Сондықтан мұндай кездесулер ерекше білім беруді қажет ететін балалардың отбасыларына ғана емес, барлық ата-аналарға ортақ түсінік қалыптастыруға бағытталған. Балаларды бір-бірінен ерекшелігіне қарай бөлмей, олардың қабілеті мен мүмкіндіктерін бағалау – ізгі қоғамның басты ұстанымы.
Сонымен қатар инклюзивті мәдениетті дамыту үздіксіз жүргізілетін ортақ жұмыс. Ол үшін білім беру ұйымдарында қолайлы жағдай қалыптастырып, балалар арасында өзара сыйластық, жанашырлық және қолдау құндылықтарын дәріптеу маңызды. Әр баланың білім алуға, дамуға және өз әлеуетін жүзеге асыруға тең құқығы бар.
Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қоғамдағы көзқарасты өзгертіп, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға деген құрметті арттыруға ықпал етеді. Инклюзивті қоғам құру – бір күндік шара емес, әр адамның түсіністігі мен қолдауынан басталатын ортақ міндет.
Инклюзия – тең мүмкіндік, құрмет пен мейірімділікке негізделген қоғамның айнасы!














