Ресейлік Федор Емельяненко ауыр салмақта Bellator 214 турнирінің финалында алғашқы секундтарда нокаутқа түсіп қалды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Инглвудтегі (АҚШ, Калифорния штаты) Forum аренасында өтті. Емельяненкоға америкалық Райан Бейдер қарсылас болды.
Кездесу бірінші секундтарда аяқталды. Бейдер басқа дәл соққы жасап, осыдан кейін ресейлік құлап қалды. Рефери жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.
Осылайша Бейдер екі салмақ дәрежесінде Bellator чемпионы атанды.
Айта кетейік, салмақ өлшеу рәсімінде Емельяненко (107,1) Бейдерден (103,3) ауырлау болған. Гран-при жартылай финалында ресейлік америкалық Чел Сонненді нокаутқа түсірген еді, ал Бейдер отандасы Мэтт Митрионды жеңді.
JUST LIKE THAT!!!! 💥🤯@RyanBader with the HUGE KO against Fedor Emelianenko!#Bellator214 pic.twitter.com/7fm2XFY1zh
— Bellator MMA (@BellatorMMA) January 27, 2019