Танымал қазақстандық ММА файтері Арман Әшімов Украина чемпионы, бокстан әлем чемпионатының және Еуропа ойындарының қатысушысы Тимур Белякты жалаң жұдырықпен өткізген дебюттік жекпе-жегінде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек Киевте Украина лигасының Mahatch FC турнирінде өтті.

Қазақстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Арман Әшімов октогондағы соңғы жекпе-жегін 3 қазанда өткізіп, әзірбайжандық Серхан Валилиді жеңген болатын.