Шымкентте құмар ойында қомақты ұтыстан айырылған азамат өз анасын өлтірген

1103
Букмекерлерде тыйым салынған тұлғалардың бірыңғай базасын құру керек. Нашақорлық, алкоголизм, құмар ойындарға тәуелділікті сауықтырумен айналысатын халықаралық қауымдастық «Нұр Отанға» келіп, осындай ұсыныс айтты. Ал ата-аналар тарапы өздері азғырған клиенттерін букмекерлік кеңселер өздері емдеп алсын деген пікірді құптап отыр.
Полицияның дерегіне сүйенсек, соңғы 4 жылда ойын клубтары мен мекемелеріне қатысты 234 қылмыс жасалған, оның ішінде шабуыл жасап, тонау оқиғалары көбейген.
Құмар ойынның кесапаты “Нұр Отанға” да жетті. Мұнда жиналған мамандар бақылаудан шыққан саланы ауыздықтамаса, салдары қиынға соғатынын айтуда. Жиында айтылған статистиканы қараңыз. Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз 2 млн теңгеден астам қаржыны букмекерлік кеңседе ұтысқа салып жіберген. Ал Шымкентте құмар ойында қомақты ұтыстан айрылып, ызаға булыққан азамат өзінің анасын өлтірген. Отырыста букмекерлік кеңселер өздері азғырған клиенттерін өздері емдесін деген мәселеде көтерілді. Себебі, көп отбасының оған қаржылық жағдайы келмейді екен.
Ал нашақорлық, алкоголизм, құмар ойындарға тәуелділікті сауықтырумен айналысатын халықаралық қауымдастық басшысы букмекерлерде тыйым салынған тұлғалардың бірыңғай базасын құру туралы ұсыныс жасады.
“Мектеп пен ЖОО-да букмекерлік ұтыс тігу мен құмар ойындарының зардаптарын алдын алу бағдарламасын енгізу; букмекерлік ұтыс тігу саласында қызмет көрсететін мекемелердің жарнамасын шектеу; букмекерлік кеңселерге келушілердің жас санаттарына байланысты шектеу қою; өз өтінішімен немесе жақын туыстарының өтінішімен букмекерлік кеңселерге, ломбард, микрокредиттік ұйымдарда әрекет етуге тыйым салынған тұлғалардың бірыңғай базасын құруды ұсынамын”, – дейді “Ренесанс” халықаралық қауымдастығының директоры Сергей Мавляев.
Ал Ақтөбедегі жүйке жүйесі ауруына шалдыққандарды емдеу оратылығында 200-ден аса адам жатыр. Олардың көбі құмар ойынға салынғандар екен. Тіпті, көлігі мен баспанасын салып жіберіп, осындай күйге түскендері де бар.
Букмекерлік кеңселер оңай олжа тапөысы келетін қаскөйлердің де нысанына айналуда. Жуырда Алматыдағы осындай орталыққа шабуыл жасағандар күзетшіні темірмен ұрып, ауыр жаралаған еді. Зардап шегуші Қайрат Елтімбаев бетперде киіп, баса көктеп кіргендердің осы нысанға келіп жүрген құмар ойыншылар екенін ішім сезеді дейді. Себебі, қаскөйлер осы уақытта касссирдің демалатынын, бәрін біліп келген.
“Күндізгі уақытта кірген ол адамдар. Хотя бы үшеуі емес, біреуі. Кім отыр кассада. Кім охранада отыр. Потому что видеода көрінген пульт іздеген пульт”, – дейді жәірленуші Қайрат Елтімбаев.
Ішкі істер органының дерегінше, соңғы 4 жылдың ішінде ойын клубтары мен мекемелеріне қатысты 234 қылмыс жасалған, оның ішінде 81 ойын мекемесіне шабуыл жасау, 53 тонау оқиғасы. “Нұр Отандағы” жиынның соңында ұйымдастырушылар жұмыс тобын құрып, нақты шешім қабылдау қажет деген сөзге тоқтады. Мамандардың сөзінше, құмарлықтан арылтып, адамды сауықтыру үшін 2 айдан 1 жылға дейінгі уақытты талап етедіАл бір айлық емделу курсы шашамен 300 мың теңгені құрайды.
Дереккөз:stan.kz