V ЖАСТАР СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНДА ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕКІНШІ ОРЫНДА КЕЛЕДІ

787
Денешынықтыру және спорт басқармасының бес айдағы негізгі жетістіктері бойынша жыл басынан бері Шымкент қаласының спортшылары ҚР чемпионаттары, кубогтары мен біріншіліктерге қатысып 315 алтын, 239 күміс, 284 қола медаль жеңіп алды.
Қала спортшылары Азия чемпионаттары мен кубоктарында 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 алтын, 5 күміс және 7 қола медальге ие болды. 5 айда 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 64 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 102 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Әр төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының V Жастар спорттық Ойындарында қала жастары спорттың 36 түрінен бақ сынауда. Бүгінде Шымкент қаласының құрама командасы 663 ұпаймен жалпы командалық есепте 2-орында келеді. 1-ші және 3-ші орында Алматы қаласы мен Алматы облысы. Жарыстың қорытындысы ағымдағы жылдың тамыз айында анықталады.
Сондай-ақ, биыл айтулы іс-шаралардың бірі – ХХХІІ-ші Жазғы Олимпиада Ойындары 23 шілде – 8 тамыз аралығында Токио қаласында өтеді. Әлем көз тігіп отырған үлкен додаға Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы сапына енген спортшылар қызу дайындық үстінде.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының спортшылары Жазғы Олимпиада Ойындарына 10 жолдаманы жеңіп алды. Сондай-ақ,
Алдағы уақытта дзюдодан – Отгонцэцэг Галбадрах, Севара Нышанбаева, каратэ, батуттық гимнастика спортынан да жолдама алуға үмітті.