Түркіменстан ғылымды қаржыландыруды тоқтатады

1672
Түркіменстан елдің Ғылым академиясын қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді. Қаражат экономиканы нығайтуға бағытталады. Ғылым академиясына мемлекеттен бөлінетін қаржы үш жыл көлемінде тоқтайды.
Елдегі 26 ғылыми-зерттеу институты және Мемлекеттік сейсмология қызметіне бюджеттен ақша бөлу тоқтатылады.
Түркіменстан Ғылым Академиясының құрамында Жоғары аттестациялық комиссия, 17 жоғары мектеп, 2 медициналық зерттеу орталығы, 1 кітапхана және 2 баспахана бар.
Түркімен Ғылым академиясы Сапармұрад Ниязов билігі кезінде — 1998 жылы жабылған. 2009 жылы маусымда президент Гурбангұлы Бердымұхаммедов академияны қалпына келтіру туралы жарлық қабылдады.
Түркіменстан ғылым академиясы 1951 жылы Ашхабадта құрылған.
Abai.kz