«АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1188

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» Абай ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы «Төтенше жағдайлар департаменті» қызметкерлерімен бірлесіп «Апаттық жағдайлардың алдын алу» тақырыбында оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығу жұмыстарының мақсаты жастарға апат бола қалған жағдайда, алғашқы көмек көрсету шараларын үйрету.
Түсіндірме жұмыстары Абай ауданына қарасты «Мирас колледжі» студенттеріне өткізілді.
Дәріс барысында студенттердің негізгі назары өмір қауіпсіздігі негіздеріне аударылды. Департамент қызметкерлері оларды төтенше жағдайлардың пайда болу себептері мен түрлері және оларды жою тәсілдерімен таныстырды. Олар өрттің негізгі себептері мен қауіпті факторлары, тұтану мен өртті жою шаралары, сондай-ақ су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып берді. Су асты құралдарын практикалық жүзінде пайдалану жайын көрсетті.
Оқу-жаттығу жұмыстарында барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.