БАҚ-тың ашықтығы мен жариялылығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға болмайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешіміне дейін судьяларға қысым жасау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
«Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары пен әлеуметтік желілер тарапынан судьяларға қысым жасау жағдайлары аз емес. Әдетте былай болады: тергеу әлі аяқталған жоқ, іс те сотқа жіберілмеді, ал кейбір журналистер мен блогерлер жағдайды ушықтырып, судьяның шешіміне болжам жасап жатады», — деді Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезінде.
Мемлекет басшысы осы мәселеге құқық қорғаушылар да кінәлі екенін жеткізді. Себебі олар адамның ұсталғаны туралы алдын ала хабарлап, оның қылмыскер ретінде көрсетіп қояды. Ал соттың шешімі әлі шықпаған.
«БАҚ-тың ашықтығы мен жариялылығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға болмайды. Сот төрелігі тек сот залында және сот процесінің соңында ғана жасалуы тиіс. Әрбір судья өз әрекеті мен шешіміне жауапты. Ал сотқа қысым жасағаны үшін заң алдында жауап беру керек», — деп атап көрсетті Тоқаев.
Айта кетейік, бүгінгі жиында судьялар осы мәселеге қатысты өз ұсынысын жасады. Судья Татьяна Курынованың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу кезінде барлық ақпаратты тек прокурорлар ғана беруі тиіс.