Назарбаев ауруханаларда «левый» ақша жасайтын дәрігерлер туралы ашық айтты

1193
Мемлекет басшысы бүгін «Нұр Отан» партиясының съезінде сөз сөйлеген атыраулық дәрігердің сөзін бөліп, «левый» ақша жасайтын ақ халаттылар жайлы айтты. Президент өз сөзінде бұл мәселені шешу үшін алғашқы медициналық көмек жұмысына баса назар аудару қажеттігін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атыраулық дәрігердің «алғашқы медициналық көмекті дамыту керек» сөзіне қолдау көрсетіп, «левый» ақша жасайтын дәрігерлер туралы сөз етті.
«500 адамдық аурухана салады. Сосын адамдар онда айлап жата береді. Солай емес пе? Ол сол жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге де тиімді. Неге? Себебі «левый» ақша жасайды. Сондықтан дұрыс айтасыз, алғашқы медициналық көмекке көп көңіл бөлуіміз керек», — деді президент.