Юлия Галышева Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

938
Қазақстандық могулшы Юлия Галышева фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында бірінші орын алды деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әлем чемпионы Юлия Галышева суперфиналда бірінші орын алып, 84.82 ұпай жинады. Ал, Павел Колмаков жарыстың шешуші бөлігіне іріктеуден өте алмады. Ол 75.84 ұпаймен 12 орынға жайғасты.
Айта кетейік, спортшы қыз чемпионатқа жарақатпен шыққанын мәлім етті.
«Мұнан да жақсы көрсеткішке жетер едім. Жоғары тұғырдан секіруде қателік жібердім…
Ертеңгі жарыстан бас тартатын шығармын. Бірінші жаттығуда жарақат алдым. Маған жаралы иықпын жарысқа қатысу қиын», — деді Юлия Галышева.