«Рухтандырушы» қырғыз қызы: Астананың «Шуақты патша қаласы» атануы жақсы емес пе?! (видео)

2448
Өзін «қырғыз халқын, тіпті бүкіл әлемді рухтандырушы» деп таныстырған Гүлзат Мамытбек бұл жолы қазақстандықтарды рухтандырмақ болды. Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне байланысты видео хабарлама түсіріп, онысы әлеуметтік желіде таралды. Гүлзат Мамытбек бас қаланың Нұр-Сұлтан атануын қолдап отыр, әрі қазақстандықтарды да қолдауға шақырып отыр.
«Сіздер «Нұр» деген сөздің мағынасын түсінсіздер ме? Ол – жарық, шуақ деген сөз. Ал сұлтан деген хан, патша емес пе? Яғни, сіздердің елордаларыңыздың аты «Шуақты патша» аталса несі бар? Мен Нұрсұлтан Әбішұлын ерекше құрметтеймін, ол халқы үшін аянбай тер төкті, талай жақсылық жасады. Бірнеше жыл бұрын түгі жоқ Астана қаласын Чикагоға айналдырды. 30 жылда ел жаңа, Қазақстанды дамытты», — деді «рухтандырушы».

View this post on Instagram

Гульзат Мамытбек, которая объявила себя вдохновителем кыргызского народа и всей планеты, обратилась к казахстанцам. В своем видеообращении она сказала, что Нурсултан Назарбаев — падишах и король, который сделал многое для своего народа и заслужил, чтобы столица носила его имя. ⠀ "Вы знаете, что такое Нур — это свет, Султан это падишах, это шах. А шаха не осуждают, его поддерживают. Ну что тут такого, если столицей Казахстана будет Султан Света! Я уважаю Нурсултана Абишевича, он многое сделал для своего народа. Астана родилась на болоте и взяла уровень Чикаго. Это были 30 лет роста", — сказала она. @kazakh_inform ⬅️✅

A post shared by Новости Казахстана и мира! 🌍📺 (@kazakh_inform) on

Ал қырғыз қызының айтқаны қазақ халқын рухтандыра алды ма? Оны әлеуметтік желі қолданушыларының пікірлерінен байқап көрелік…
«Не оттап тұрсың! Өз еліңді жөндеп алшы бірінші!»
«Сенен ақыл сұрау қалып еді…»
«Кетші, қырта бермей»
«Саған осы видеоң үшін қанша төледі екен?»
Бұлар мыңдаған пікірлердің бер жағы ғана.
Ұсынған: Гүлім Жақан