Қазақстандық 7 боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

1605
Бокстан Тайланд елінің астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында қазақстандық 7 боксшы жартылай финалға шықты.
Бангкокқа аттанған Қазақстан құрамасы сапында 3 боксшы ғана жүлделі орынға ілікпеді. 52 кило салмақта Анвар Музаппаров 1/8 финалда жарақат алып, оған дейін ұпайы саны бойынша қырғыз Азат Үсеналиевке есе жіберді. Ширек финалда дәл осылай Асланбек Шымбергенов (69 кило) те өзбек боксшысы Бобо Усман Ботуровқа жол берді. Әлем чемпионы Қайрат Ералиев үнді боксшысы Кавиндер Сингх Бишттен ұтылды.
Ұлттық құрама сапында жартылай финалға Теміртас Жүсіпов (49 кило), Закир Сафиуллин (60 кило), Санатәлі Төлтаев (64 кило), Тұрсынбай Құлахмет (75 кило), Бек Нұрмағанбет (81 кило), Василий Левит (91 кило) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кило) шықты.
Өзбекстан құрамасы сапында жартылай финалға 6 боксшы шықты. Жартылай финалда екі елдің боксшылары кездеспейді. Финалдық жекпе-жектер 26 сәуір күні өтеді.
Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары:
49 кило. Теміртас Жүсіпов — Дипак (Үндістан)
60 кило. Закир Сафиуллин — Шива Тхапа (Үндістан)
64 кило. Санатәлі Төлтаев — Баходир Усмонов (Тәжікстан)
75 кило. Тұрсынбай Құлахмет — Нурсахат Паззыев (Түрікменстан)
81 кило. Бек Нұрмағанбет — Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)
91 кило. Василий Левит — Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)
+ 91 кило. Қамшыбек Қоңкабаев — Сатиш Кумар (Үндістан)

Дереккөз:massaget.kz