Алик Шпекбаев Түркістан облысындағы әкімдердің әлеуметтік желідегі парақшасымен танысты

1156
Түркістан облысына  жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев  аймақ басшысы мен аудан, қала  әкімдерінің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Агенттік төрағасы парақшалардағы  халықтың сауалы мен уақытылы берілген жауаптарды көріп, кері байланысқа жоғары баға берді. Облыс әкімдігіне қарасты әлеуметтік парақшалардың ашықтығын атап өтті.

Алик Шпекбаев  сонымен қатар облыс әкімдігі жанынан құрылған Жобалық кеңсенің жұмысымен танысты. Кеңсенің негізгі мақсаты мен бағыт-бағдары жайлы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып берді. Аталған кеңсе 5 негізгі базалық бағытта, яғни инфрақұрылымның дамуы, адами капитал, кәсіпкерлік және индустрия, агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік сектор, мемлекеттік қызмет көрсету мен қауіпсіздік негізінде жұмыс істейді.

null
null
Онда келушілер аталған 5 бағыт бойынша өз жобаларын ұсынады, ал ұсынылған тиімді жобалар рухани мекенді дамыту үшін қолданылады. Бүгінде 1300-ден аса жоба жиналып, қаралу үстінде.
null