Үндістанда 9 млн тұрғыны бар Ченнаи қаласы сусыз қалды

1085
Үндістандағы халық санының көптігі жағынан алтыншы, 9 миллионнан астам адам тіршілік кешіп жатқан Ченнаи қаласы бірнеше аптадан бері апатты жағдайда өмір сүріп жатыр, деп жазады ВВС. 
Мегаполисте су жетіспеуде, мұнда тіпті өмір тоқтап қалғандай: көптеген бюджеттік мекемелер, сондай-ақ мейрамханалар мен дәмханалар және қонақ үйлер жабылуға мәжбүр болды.
Қалалық қызмет сумен қамтамасыз етуді 40 процентке азайтты. Қала бойынша кондиционерлер өшірілді, ауруханалар сырқаттарға толы.
Еске сала кетсек, Үндістанда мамыр айының ортасында басталған аптап ыстық құрғақшылыққа ұрындырды. Қазірдің өзінде бірнеше ондаған адам қайтыс болды.