Астанада отшашуға бөлінген қаржы Арысқа аударылады

943
Ашық аспан астындағы гала-концерт те мерекелік бағдарламадан алынып тасталған.
Елорда күніне орай отшашуға бөлінген қаржы Арыс қаласының тұрғындарын қолдау қорына аударылады, деп жазады 24.kz.
Жалпы, бас қаланың туған күніне орай бұрын 300-ге жуық іс-шара өтетін еді. Биыл оның саны 3 есе қысқартылды. Сәйкесінше шығын да азайды. Қаланың әр жерінде ұйымдастырылатын 100 шараның 70-тен астамын тегін тамашалауға болады. Биыл Open Air секілді ірі шаралар өтпейді. Ашық аспан астындағы гала-концерт те мерекелік бағдарламадан алынып тасталған. Шетелдерден әншілер шақырылмайды. Есесіне қаланың бірнеше алаңда шағын концерттер ұйымдастырылады. Мәдени-спорттық шаралар қала шетіндегі шағын аудандарда да өтеді.
Айта кетейік, елордадағы мерекелік шараларды арыстық 200 бала тамашалайды.