Өмірзақ Шөкеев Арыстағы үш сектордың құрылыс жұмыстарымен танысты

1009
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысып жатқан Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі 9 сектор, Шымкент қаласына тиесілі 10 сектор, БҚО-на тиесілі 11 сектор, жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімі төтенше жағдайдан жапа шеккен нысандарды жөндеуге жауапты облыстардың кемшіліктерін айтып, сын-ескертпе жасады.
«Атырау, Павлодар облыстарының жұмысы жүйелі. Толықтай үйлерді бұзып, нәтижелі жұмыс істеуде. Уақытты жоғалтып алдыңыздар. Құрылысы басталмаған үйлер де бар. Тұрғындармен тіл табысып жұмыс істеу қажет. Тездетіп жұмыс қарқынын үдетпесеңіздер үлгермейсіздер», – деді Өмірзақ Шөкеев.
Жалпы, Арыс қаласында 8 466 үй бар, оның ішінде апаттан кейін тұруға жарамсызы – 315. Зақымданған үйлер саны – 7 157 болса, ақау актісі жасалған жеке үйлер саны – 7 350. Қазіргі таңда 4 945 үйде жөнделіп жатыр. 2 048 үйде жөндеу жұмыстары аяқталып, үй иелеріне тапсырылды. 359 үйдің құрылысы енді басталмақ. Барлығы 17 секторда жиыны 7 649 маман жұмыс істеуде.