СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

936
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Сенатының депутаттары Н.Бекназаров пен А.Қапбарова қаладағы құрылыс нысандары мен әлеуметтік мекемелердің жұмыс барысымен танысты.
Сенаторлар алдымен «Shymkent city» қалашығындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысып, жұмыстың сапасы, қаржы мәселелері, сондай-ақ көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарынан хабардар болды. Мердігер мекеме басшыларына жұмысты мерзімде аяқтау, инфрақұрылымды дамыту, су, газбен жабдықтау жұмыстарын жүйелі шешуді тапсырды.
Сенат депутаттары, сондай-ақ, Шымкент қаласының Оқушылар сарайында кездесу өткізіп, балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы мен оқушылардың лагерлерде демалу барысына қанықты. Сенаторлар білім саласына көп көңіл бөлініп жатқанын, алда лагерьлердің санын көбейту, қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлу керек екенін айтты.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ