Арыстағы екі спортшының өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

5369

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Арыстағы екі адамның өліміне қатысты күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция басқармасының және Түркістан облысы ІІД прокуратурасының жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыстағы ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды.

Аталған жайт ҚК-тің 99-бабына сәйкес (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

“Түркістан облысы ПД басшысы Мұрат Қабденовтің тапсырмасы бойынша арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмысты ашуға криминалдық полиция басқармасының, Түркістан облысы бойынша ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының және Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды”, – деп мәлімдеді полиция.
Қабылданған арнайы іс-шаралардың нәтижесінде тергеушілер қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адамды анықтады. Күдіктілер Арыс қаласының тұрғындары болып шықты. Олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлеледер алынды.

Қазіргі уақытта үшінші күдіктіні ұстау үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.