Митингке шығу үшін арнайы орын беріледі – Қ.Тоқаев

1403
Мемлекет басшысы Жолдауында бейбіт шерулер туралы айтты.
«Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажет. Конституцияға сәйкес, азаматтарымыз өз ойын еркін білдіру құқығына ие. Егер ондай акциялар заң мен азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, қолдау білдіріп, заңда көрсетілген тәртіп бойынша митинг өткізуге рұқсат берілу керек. Ол үшін арнайы орын бөлу қажет», — деді Мемлкет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында
Айта кетейік, елордада өткен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады.
Дереккөз:aikyn.kz