Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында отаның жаңа әдісі қолданылды

1156
Облыстық клиникалық ауруханада алғаш рет лапароскопиялық технология әдісімен жарық (грыжа) емдеу ота түрі қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облыстық клиникалық ауруханасының ота бөлімінің меңгерушісі Хасенов Руслан Ерсаинұлы жергілікті әріптестеріне екі күн бойы мастер класс өткізуде. Қазіргі уақытта жарықтарды жою үшін лапароскопиялық технологиялар белсенді қолданылады. Ота шат және кіндік жарықтарынан айықтырады. Барлық лапароскопиялық араласу тек жалпы анестезиямен жүзеге асырылады. Аз ғана уақыт алады, әрі науқастың денесінде пышақ ізін қалдырмайды. Науқас екі тәуліктің ішінде ауруханадан шығарылады. Науқас ағзасына ауыртпалық түсірмей, дәрігердің барлық кеңесін толық қадағалаған жағдайда, асқынулар өте сирек кездеседі. Қазір мұндай емдеу әдісі медицина саласында өзінің тиімділігін дәлелдеп, кең қолданысқа ие болған.