Көзбояушылықты қою керек — Қасым-Жомарт Тоқаев

949
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаны даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз бос әуреленіп, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескерген абзал. Жеңістеріміз жайлы есептің қажеті жоқ. Шынайы талдау мен тиімді әрекеттер керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.
Президент сонымен қатар, Үкімет пен Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті – Елбасының ұзақ мерзімді Стратегиясы, Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформаны толыққанды жүзеге асыру екенін еске салды.
«Тек сонда ғана тегеуріндер мен қиындықтарды еңсере аламыз», — деді ол.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ақмола облысында жүр.