САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРТУДІҢ БИЗНЕСКЕ ӘСЕРІ

875
Салық заңнамасындағы өзгерістер, әсіресе, шағын кәсіпкерлер үшін бизнес ортаны жақсартуға бағытталған еді. Атап айтқанда, Салық кодексінде шағын бизнес үшін патент негізіндегі арнайы салық режимі сақталған. Бұрын салық көлемінің 1 пайызын құрайтын әлеуметтік салық алынып тасталды.
Бұл ретте сауда- саттықпен айналысатын тұлғалар үшін жеке табыс салығы, олардың қолма-қол есеп айырысу арқылы тапқан табысын қоспағанда, 1 пайыз көлемінде сақталған. Ал қолма-қол есеп айырысу арқылы түскен табью бойынша жөке табыс салығы 2 пайызға дейін көтерілген. Сонымен қатар, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі сақталған. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін ең төменгі жалақының 2044 еселенген көлеміндегі табыстың жоғары шегі белгіленген, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлердің саны 30-дан аспауы керек. 2018 жылға дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жоғары табыс шегі сәйкесінше, 2800 жәнө 1400 ең төменгі айлық көлемінде еді, ал қызметкерлерінің саны 50 және 25 адамнан аспауы керек-тұғын. Корпоративтік және жеке табыс салығы бойынша мөлшерлеме сақталған, сонымен қатар, қызмет түрі бойынша түрлі шектеулер бар.
Оның үстіне, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жиынтық жылдық табыс көлемінен 30 пайыз тіркелмеген шегерім пайдаланылатын арнайы салық режимі енгізілді. Сонымен қатар жаңа Салық кодексінде электронды сауда-саттықты ынталандыруға бағытталған салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтар болсақ, салық төлеуші белгілі бір талаптарды сақтаса, ол корпоративтік табыс салығынан 100 пайыз босатылады немесе жеке табыс салығы төмендетіледі. Бұл ретте белгілі бір талаптарды орындамаған кәсіпкерлер электронды сауда-саттықтан шектелмейді. Бұл салықтық жеңілдіктер елімізде электрондық сауда саласын дамытуға бағытталған.
К.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу жене талдау бөлімінің бас маманы.