Басты Шымкент Шымкентте бірқатар лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін сотталды
Теңлібаев, Байсапаров 10 жылға; Жұмабаев, Әбілдабеков, Бекжанов, Жұмағұлов, Ізтөлеу, Табылдиев 7 жылға; Асқарбеков 6 жылға; Оспанов, Ералханов 4 жылға, Маликов, Тешабаев 1 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін 2019 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Н.С.Теңлібаевқа және кеден қызметінің өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.
Теңлібаев пен өзге де лауазымды тұлғалар Кеден Одағының Өзбекстан Республикасымен шектесетін аумағында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында адамдар тобымен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде бопсалау арқылы пара алды деп айыпталған.
Сотталушылар қатарындағы 16 фигуранттың ішінде 13-і лауазымды тұлғалар: Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Теңлібаев, Мемлекеттік кіріс департаментінің кедендік бақылау басқармасының бұрынғы басшысы Ештаев, кеден бекеттерінің бұрынғы басшылары Байсапаров, Жұмабаев, Оспанов, кеден бекеті басшысының бұрынғы орынбасары Бекжанов, бекеттердің бұрынғы бас мамандары Асқарбеков, Әбілдабеков, Ізтілеу, Есқараев, Жұмағұлов, Табылдиев, Калекеев және 3 сыбайлас – сенімді тұлға: Маликов, Тешабаев және Ералханов.
Ағымдағы жылы 16 наурызда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен барлық сотталушылар түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды.
Атап айтқанда, Теңлібаев, Байсапаров 10 жылға; Жұмабаев, Әбілдабеков, Бекжанов, Жұмағұлов, Ізтөлеу, Табылдиев 7 жылға; Асқарбеков 6 жылға; Оспанов, Ералханов 4 жылға, Маликов, Тешабаев 1 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазым атқару құқығынан айырылды.