«ШЫҢҒЫЗ ХАН»

2068

БАБАМЫЗДЫҢ ҚАЗАҚ ЕКЕНІ РАС ПА?

Ассалаумағалейкүм құрметті оқырман! Қолымды Хақ Тағалаға жайып медет сұраған хәлде осы мақаланы жазуды жөн көрдім. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында дәл осы бір туынды ерекше маңызға ие болады деп сенемін. Міне Аллаға шүкір тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болыпты, ал оған дейінгі кезеңде төрт ғасырға жуық аралықта уақытымыз тоқтаусыз соғыстармен өтті, отаршылдық саясаттың кесірінен халқымыз жойылып кете жаздады, қолдан ашаршылықтар жасалып, еліміздің зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратып, әліпбиімізді бірнеше рет өзгертіп, халқымыздың жады мен тарихын барынша бұрмалауға бағытталған саясат аяусыз жүргізілді. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы тарих сахнасынан түбегейлі жойылып кетуге бір қадам қалған еді ұлтымыздың аман қалғанына сансыз шүкіршілік айтуымыз керек. Енді міне қой үстінде бозторғай ұялаған заман келіп ұлы бабаларымыздың ұмыт болған тарихын қайта түгендеп, тарихи жадымызды қайта жаңғыртып жатырмыз. Дегенмен осы күніде Шыңғыз ханның ұлты монгол деп жүргендер аз емес. Олар бабаларымызды монгол деумен олардың рухын қорлап жатқанын түсінеді ме екен?. Ал енді Шыңғыз ханның ұлты кім деген сұраққа тоқталайық. Біздің негізгі мақсатымыз оның ұлтын біреуге дәлелдеу емес, оның ұлты бізге мәлім, дегенмен төменде келтірілетін ақпараттарды оқу арқылы Шыңғыз бабамыздың ұлты кім болғанын өздеріңіз-ақ жақсы түсініп аласыздар деген ойдамын. Ал енді бірінші кезекте оның ата қонысы мен мекендеген жерлері жайлы әңгіме айтайық. Оның ата қонысы мен мекен еткен жерлері жайлы да өте көп ақпараттар бар, біз оның кей біреуін ғана келтіріп өтеміз. Парсы әлемінің ұлы қайраткері, ғұлама ғалым Рашид ад-дин Фазлуллах Хамаданидің (Алла одан разы болсын) 1316 жылы парсы тілінде жарық көрген «Жамиғ ат тауарих» («Тарихтар жинағы») атты кітабінің қазақ тіліне тұңғыш рет аударылған түп нұсқа аударма кітабінің (аудармашы Оразбай Зәріпбай Жұманұлы) 189 бетіндегі «Шыңғыз ханның тәжіктер елінен өзінің ата жұртына қайта оралып, өзінің негізгі қоныстау орны мен ордаларына жетіп келуі» хикаясының баяны жайлы» деген тақырыбы жайлы айтып берейік. Шыңғыз хан тәжіктердің жерлерін жеңіп алудан қайтып келе жатып, 621 хижри жылына сәйкес келетін мешін жылы өзінің ордаларының шекараларына жеткен кезде, оның алдынан он бір жастағы Құбылай хан және тоғыз жастағы Хұлағу хан шықты. Дәл сол кезде Құбылай хан қоянды ал Хұлағы хан киікті Ұйғырлар уәләятына жақын жердегі, наймандар уәләятының шекарасындағы Матаміл Құжынға жақын маңдағы Іле өзенінің арғы жағындағы Айман үй мекенінде атып алған еді деп баяндалады. Бұл хикаядан байқайтынымыз Шыңғыз ханның ата қонысы осы Іле өзенінің баурайлары мен қазіргі Алматы облысының аумағында орналасқанын көруге болады. Ал енді Шыңғыз қағанның туып-өскен өңірі мен жерленген орындары жайлы ақпарат берейік. Салыстырмалы түрде айтқанда Шыңғыс ханның билігі ұзақ әрі мазмұнды, бақытты да баянды болды деп айтуға болады. Ол өзінің өмірінің нұры сөніп келе жатқанын байқаған тұста, өлім оны үй төсегінде қарсы алуын қаламай, балаларына соңғы өсиетін айтып, Нангиясқа қарай жорық бастап шығып кетті. Ол жақта әлі азат етілмеген Жұрша мен Нангияс және Таңғұт еиеліктерінде қалған жерлер бар еді. Одан ол жақтағы жерлерді азат етіп, басталуы 624 хижри жылының рамазан айына сәйкес келетін күздің орта айының он бесінші күні, тақ пен мұрагерлікті, иеліктері мен ұлан байтақ жерлерді, үлкен алпауыт мемлекетті тапсырып дүние салды. Бұл жайлы Рашид ад-дин Фазлуллах Хамаданидің (Алла одан разы болсын) 1316 жылы парсы тілінде жарық көрген «Жамиғ ат тауарих» («Тарихтар жинағы»)

атты кітабында келтірілген. Кітапта – Мұғылстанда Бұрқан Қалдұн деп аталатын үлкен тау бар. Ол таудың тігінен көптеген өзендер ағып түседі, және ол өзендердің бойында сансыз көп ағаштар мен көп ормандар бар. Ол ормандарда тайжуыт рулары өмір сүреді. Шыңғыз хан өзінің жерленуі үшін сол жерден орын даңдап: «Біздің және біздің ұрығымыздың жерлену орны осында болады», -деп бұйырған еді, деп баяндалады. Ал енді оның туып-өскен жеріне тоқталайық. Оның туып-өскен өңірі жайлы қазақтың ұлы қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз өзінің «Қазақтың түп атасы» өлеңінде ақпарат береді. Оған сәйкес ол «Бүлүнжылдық» деген жерде дүниеге келген деп келтіреді. Ал «Жамиғ ат тауарих» («Тарихтар жинағы») кітабында болса Шыңғыз ханның туған жері оның жаздық және қысқы көшіп-қонуының орындарына жақын жердегі Бүлук Булдақ мекенінде, Ұнан өзенінің төменгі жағында дүниеге келген болатын, ол жерден Бұрқан Қалдұн тауына дейін алты күндік жол еді деп келтіріледі. Сондай-ақ Шыңғыз ханан кейін әкесінің орнын басып қаған болған Үгетай қағанның да өмір тарихынан осы жоғарыда аталған өңірлерді кездестіруге болады. сондықтан Үгетай қаған бұл жарық әлемді тәрк еткеннен кейін оның сүйегін әкесі жерленген жерден алыс емес өңірге жерлеген болуы керек. «Жамиғ ат тауарих» («Тарихтар жинағы») кітабында келтірілген деректерге сәйкес Шыңғыз ханның туып өскен өңірінің атауы Булдақ екені және Үгетай қағанның сүйегі жатқан қорығын «Бұлдақ қасыр» деп атағанын ескерсек, Үгетай қағанның өз әкесінің туып өскен өңіріне жақын жерге жерленгенін аңғарамыз. Ең бастысы жоғарыдағы аталған тарихи оқиғаларда көрсетілген географиялық мекендердің, өзендердің, таулардың және сол уақыттарда сол аралықта өмір сүрген (адамдардың) рулардың атаулары осы күндерге дейін сақталуы және біздің жерлерімізде табылуы кездейсоқтық емес. Ал олардың кейбірінің ресми ескі атауларын (бұрынғы атауларын) ескі карталардан көруге болады. Жалпы айтқанда ескі карталардан Ертіс өзеніне жақын жерде орналасқан Бұрқан, Қалдұн тауларын, Нұр Бұрқан көлін, Ұраңқай тауын және сол өңірлерде өмір сүрген Ұранқай тайпасының мекендері көрсетілгенін анық көруге болады. Бұл ескі карталарда келтірілген сүреттерде барлық жерінде Ертіс өзені мен Зайсан көлі анық көрініп тұрады. Сондай-ақ ол жақта Шыңғыз ханның туып-өскен өңірі мен жерленген орындары жайлы көп аңыз әңгімелер мен атадан балаға халық ауыз әдебиеті арқылы жетіп келген деректер өте көп деседі. Ал енді Шыңғыз ханның балалары мен одан тараған кейбір ұғландарының аттары мен ісімдеріне назар салайық. Шыңғыз ханнан тараған ұрпақтардың Ғазан ханның тұсына дейін жетіп келген толық шежіресі бар, оның бәрін мұнда сиғызу мүмкін емес. Төмендегі кескінде Шыңғыз ханның бірінші әйелі Бөрте мен екінші әйелі Күлән деген анамыздан туған бес (ерекше дәрежеге ие болған) баласының ұрпақтары арасынан автор өзі таңдап алған адамдардың есімдері келтірілген.

Жоғарыдағы кескінде сол жақтан оңға қарай, үлкен баласынан кіші балаларына қарай көрсетіліп, әр баласының ұрпақтары төменге қарай жасына сәйкес тізбектелік көрсетілген. Сондай-ақ Шыңғыз ханның үшінші әйелінен туған Жауыр деген және екі күн әйелден туған екі баласы бар еді. Жауыр жас кезінде қайтыс болып одан ұрпақ қалмаған, ал күннен туған ұлдары жайлы кейінгі мақалаларымызда хабар беретін боламыз. сол себепті олардың аты жоғарыдағы кескінге кіргізілмеді. Ал енді Шыңғыз ханның ұрпақтарынан түркі-қазақ атаулары берілген адам есімдеріне назар салайық.

Жошы ханның ұрпағынан тарағандар; Шәди, Теке, Тумахан, Мыңхан, Ноғай, Мүбәрәк, ЕлБұқа, Жайлау, Халил, Башмақ, Хасан, Жайлақ, Қажы, Ілияс, Қоңқыран, Темірбұқа, Бұқатемір, Тарту, Мөңкетемір, Тоқмабұқа, Толабұқа, Бозбұқа, Алғи, Бөрлік, Тоқтай, Сарайбұқа, Тұғрыл оның баласы Өзбек, Тубатай, Тоқтыбұқа, Ахмет, Сабыр, Баһадыр, Мерген, Сайылхан, Мажар, Бектемір, Есенбұқа, Мәңгітай, Торы, Тоған, Ұшқыртоқа, Боралдай, Сүбетай, Тоғыз, Күштемір, Арыстан, Татар, Ноғай, Торай, Мыңқадір, Ұрыс, Елбасмыш, Мейрам, Жалайыртай, Қарашар, Тәуекел, Байтемір, Ашық, Бахтияр, Әділ, Абай.

Шағатай ханның ұрпағынан тарағандар; Қарахұлағу, Темір, Әлі, Бұқатемір, Ахмет, Әбілтемір, Қабылтемір, Жұлдызтемір, Өрік, Ершін Тұрған, Момын, Бектемір, Барақ, Құттышах, Есенболат, Туған, Құтты Темір, Тайбұқа, Қабан, Бүтінтас, Ақбұқа, Дәуіт, Ерқұдай, Мыңтас.

Угетай қағаннан тарайтын ұрпақтары; Хажа Ұғыл, Көкетемір, Қутағай, Тақуадар, Мұқату, Шыңтемір, Болатшы, Қайду, Шапар, Бөрітемір, Олжайтемір, Құтлықтемір, Тоқтемір, Ұладай, Жаңашар, Ұрыс, Алғу, Құрыл, Сұрқабұқа, Ұйғыртай, Бұрықтай, Қыпшақ, Мүбәрәк, Шыңтемір, Мұхаммед, Әлі, Мәлік, Тұман.

Төле ханан тарайтын ұрпақтары; Арықбұқа, Абақа, Есентемір, Тармабала, Темір хан, Мыңқала, Арыстанбұқа, Алтынбұқа, Ұрықтемір, Көкеші, Қоңыртай, Тағайтемір, Олжа, Олжатемір, Мыңхан, Баян, Данышпан, Сауыт, Бектай, Болат.

Бұл жерде Шыңғыз ханның Ғазан ханға дейінгі аралықта өмір сүріп өткен ұрпақтарының есімдері көрсетілген. Ғазан хан Шыңғыз ханның бесінші әулеті болып табылады. Оның аталарының шежіресі келесідей; Ғазан ханның әкесі Арғын хан, атасы Абақа хан, үшінші атасы Хұлағу хан, төртінші атасы Төле хан, Бесінші атасы Шыңғыз хан. Ал енді Шыңғыз ханның ата-бабалары жайлы сөз айтайық, оның аталарының тарихы 10-ыншы буыннан ары қарай асып түседі, ал біз бүгін 8-інші атасына дейін ақпарат береміз. Шыңғыз ханның аталарының атаулары келесідей:

Жоғарыда аталған адамдардың аттарына назар салып қарайтын болсаңыздар барлығы түркі халықтарының атауы екені айдан анық болып отыр. Ал заманауй Монголия деп аталатын мемлекеттің негізгі тұрақты ұлты болып саналатын адамдардың ішінде мұндай адам есімдерімен аталатын қария адамдарды кездестіру қиын деседі. Соңғы ғасырларда орын алған тарихты қайта жазу үрдісі мен Монголия мемлекеті құрылған соң, мемлекеттік деңгейде Шыңғыз ханның тарихын жаппай білім беру орындарында үйрету арқылы, жүйелі түрде халықтың санасына сіңіру арқылы ежелде халқа деп аталатын ұлттың адамдары Шыңғыз хан біздің атамыз екенғой деп өзінің перзенттеріне әслі түркілердің атаулары болған адам есімдерін қоя бастаған деседі. Сондай-ақ ежелден осы күнге дейін заманауй Монголияның бір бөліктерінде өмір сүріп келе жатқан қазақ қандастарымыздың арасынан осындай адам аттарын кездестіруге болады. Ал енді Шыңғыз ханның және оның бабалары қай тілде сөйледі деген әнгімеге тоқталайық.

Шыңғыз хан түркі-қадымша тілінде сөйлеген деп бұлтартпай айтуға болады. Ал түркі-қадымша тілі дегені қазақтың ата-бабалары сөйлеген тіл – ол Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірде «қадымша» деген атаумен белгілі болған тіл. Яғни жалайыр, қият, қаңлы, керей, қоңырат, найман, қыпшақ, және басқа да қазақ халқының құрамындағы ру-тайпалардың Шыңғыз ханның дәуірлерінде сөйлеген

ортақ тілі. Ол дәуірде Ертіс өзенінен Еділ өзеніне дейінгі және Сібірден Жайхун

(Амудария) өзеніне дейінгі аралықтағы халықтардың барлығы, әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасының аумағындағы халықтардың барлығы бір тілде сөйлеген. Бұған түркі халықтарының тілдерін мұқият зерттеген Махмұд Қашқаридің жазып қалдырған мына дерегі дәлел болады. Ол «Диуан лұғати ат-түрк» аталмыш кітабының 1-томының «Түркі тілдерінің баяны туралы сөз» деген

тақырыбында өз дәуіріндегі шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аралықта өмір сүрген түркі халықтарының тілдерінің ерекшеліктері жайлы баяндай келе, қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген халықтардың тілі жайлы былай деген: «Тілдердің жеңілі оғыздардікі, ең дұрысы-тазасы йағмалар мен тұхсылардікі және Ила (Іле) жазығында, Артіш (Ертіс) жазығында, Йамар (Обь) жазығында және Атіл (Еділ) жазығынан Ұйғыр еліне дейінгі аралықтағылардың (осы аралықта өмір сүретіндердің тілдері) және оның ең көркемі қағандық патшалардың (лилмүлуки хақания), сондай-ақ олармен бірге тығыз (араласып) өмір сүретіндердің (жалайыр, керей, наймандардың) тілі. Ал Баласағұндықтар

соғдыша және түркіше (аралас) сөйлейді. Сол сияқты Тираз (Тараз) халқы да (соғдыша және түркіше аралас сөйлейді). Байза қаласының халқы да солай (соғдыша және түркіше аралас сөйлейді). Сондай-ақ, Ісбижабтан Баласағұнға дейінгі аралықтағы Арғу елді мекендері тұрғындарының бәрінің сөздерінде кемшіліктер бар (түркі тіліне соғдыша сөздер аралас)». Енді осы айтылғандарды зерделеп, пайымдап қарайтын болсақ, Махмұд Қашқари өмір сүрген дәуірде жалпы түркі халықтарының арасында ең дұрыс және таза тілмен сөйлеген халықтар қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүргендігі мәлім болады.

Бір замандары Мұңжық ханның баласы Атилла хан (Еділ хан) құрған теңдесі жоқ алпауыт түркі империяның орталығы болған ұлы даланың, Шыңғыз хан дәуіріне келіп ыдырап, бөлек-бөлек мемлекеттерге бөлініп, әр қайсысы өз алдына шашырап жатқан мекендерде өмір сүргеніне қарамай олардың тілі мен әдет-ғұрыптары бір болатын. Былай деуіміздің себебі «Жамиғ ат тауарих» («Тарихтар жинағы») кітабында «Түркі халықтарының пайда болуы, олардың түрлі рулар мен тайпаларға бөлінуі» және «Түркі халықтарының мекендеген аймақтары» жайлы баяндайтын бөлім бар, ол кітаптың бірінші томында келтірілген. Оған сәйкес Түркілердің көшіп-қону салтын айта отырып, кітапта – дәл осылай, байырғы замандардан қазіргі уақытқа дейін оларды «түркілер» деп атаған дейді, және қазір де солай аталып жүрген халықтар Дешті Қыпшақ, орыс, шеркес, башқұрт, Талас, Сайрам, Ібір мен Сібір, Пулар мен Ангара өзенінің аймақтарында, сондай-ақ Түркістан және Ұйғырстан деп аталған уәлаяттардың жазықты аймақтары мен таулары, ормандарының алқаптарында және найман қауымына тиесілі Көк Ертіс пен Ертіс сияқты дариялар, олардың оң жағалауында Қарақұрұм аймағымен ол аймақ үштасатын Алтай таулары, Ұрған өзені, Қырғыз бен Кем-кемжүт уәлаяттары және жайлаулары мен қыстаулары көп Мұғұлстан атымен белгілі мекендер және жайлаулары мен қыстаулары көп керейіт қауымына тиесілі мекендер, сол іспетті Ұнан, Килураң, Талат балжус, Бұрқан Қалдұн, Көке Науыр, Бүйір Науыр, Қарқаб, Құйын, Ергене, Қалайыр, Силинга, Барғұжын тоқым, Қалалжыт елет пен Қытай қорғанына іргелес Үнгу сияқты жерлердің барлығын олардың қауымдары мен рулары жайлап, өмір сүрген, дәл қазіргі уақытта да осы аты аталған орындарда белгіленген көне дәстүрлердің үкімі негізінде өмір сүруде – деп баяндалады. Енді жоғарыда аталған өңірлерде қандай қауымдар мен рулардың тұратының ескерсек және олардың басым көпшілігінің қай тілде сөйлегенін және қазіргі күнге дейін сөйлеп келе жатқан тілін ескерсек, Шыңғыз ханның қай тілде сөйлегенін біліп аламыз. Қысқасын айтқанда жоғарыда аталған мекендерді мекендеген және осы күнге дейін мекендеп келе жатқан рулар; жалайыр, қият, қаңлы, керей, қоңырат, найман, қыпшақ, және басқа да қазақ халқының құрамындағы ру-тайпалар қай тілде сөйлеген болса — Шыңғыз ханда сол тілде сөйлеген деп айтуға болады. Шыңғыз ханның тұсында оларды көбіне Мұғұлдар деп атаған, ал олардың мемлекетін Мұғұлстан деп атаған. Мұғұл сөзі Мұғұл ханнан бастау алады, Мұғұл хан – Мұғұлстан мемлекетінің негізін қалаған түркілердің ұлы тұлғасы. Мұғұлыстан мемлекеті Алатау мен Қаратаудың баурайында пайда болған. Бұл жайлы Шараф ад-Дин Али Йаздидің (Алла одан разы болсын) «Зафар нама» (XV ғасыр) кітабының 46-ші бетінде жазылған. Шыңғыз ханның түркі-мұғұл тілінде сөйлегені жайлы көп деректер келтіруге болады. Дегенмен осы ақпараттың өзі ақ бабамыздың қай тілде сөйлеп, қай ұлттың өкілі болғанын көрсетеді деп ойлаймыз. Жоғарыда аталған құнды тарихи деректердің қазақша нұсқалары болмаса да қазақ халқының зиялы қауімі, Түркі-Мұғұл елінің мирасқоры Қазақстан екенін, Шыңғыз хан өз бабамыз және оның ешқандай монгол емес екенін айтып келген. Ғаламтордағы ашық ақпараттарға назар салатын болсақ «Википедия» сайтының «Население Монголии» деген бетінде оның моноэтникалық мемлекет екені

көрсетілген. Оның халықының 94 пайызын монгол халықы құрайтыны, сондай-ақ ол жақта қазақтар өмір сүретіні және саны аз көлемде орыстар мен қытайлар тұратыны көрсетілген. Мұнымен айтқымыз келгені 1918 жылы жүргізілген халық санағы бойынша монгол халқының саны 650 мың адамға жетер-жетпес болған, сонда кешегі 1918 жылы халқы сондай аз болса Шыңғыз ханның дәуірінде олардың саны қанша болды деген әділетті сұрақ туындайды. Мұхаммед Хорезм шахтың 400 мыңға жуық әскері болғанын ескерек және Түркістан уәлаяты мен Отырарды жаудан азат етуі үшін Хорезм шахқа тең келетін әскер күшімен барған шыңғыз ханның отандастарын еске түсіріңіз, Шыңғыз хан Мұхаммед Хорезм шахты жеңбей тұрып әлі көп түркі халықтарын біріктірмеген болатын соның өзінде оның әскері Хорезм шахты жеңуге жеткілікті болды. Демек оның әскерінің саны Хорезм шахтың әскерінен кем түспейтін еді деп тұжырымдауға болады. Мақаламызды қорытындылай келе айтқымыз келетіні, ұмыт болған ұлы тарихымызды еске түсірген, еске түсіріп бабаларымыздың қандай мықты болғанын, ұлан-ғайыр жерлерді мирасқа қалдырып, өздерінің әу бастағы белгіленген тағдырға сәйкес, мақсаттары мен өздері жүріп отырған жолдарының іздерін жалғастырушылары — біздерге, аманат етілген тарихты қайта тапсырғаны үшін шексіз алғыс білдіреміз. Бірінші кезекте Алланың шарапатымен осы күнді көру бізге нәсіп болғанына қуаныштымыз. Сондай-ақ түркі-мұғұлдардың тарихын сынған айнаның бөлшектерін қайта жинағандай етіп құрастырған 1247-1218 жылдар аралығында өмір сүрген, 16 жыл бойы осы бір ерекше туындыны («Жамиғ ат тауарих» («Тарихтар жинағы») өмірінің соңына екі жыл қалғанға дейін жазып бітіріп жарыққа шығарған ұлы тарихшы, жазушы, ірі ғалым Рашид Ад Дин Фазлуллах Хамаданиға Алланың рахымы мен мейірімі болсын деп үлкен алғыс айтамыз. Сондай-ақ тарихымыздың түгел болуына септік болған тарихи туындыларды («Зафар нама» (XV ғасыр)) жазып қалдырған Шараф ад-Дин Али Йаздиғада Алланың нұры жауып мейірімі төгілсін деп тілейміз. Ал сөзімізді қорытындылай келе Заманымыздың ерекше тұлғасы, жоғарыда аталған тарихи кітаптарды қазақ тіліне аударып қазақ халқына жоғалған бабалар мирасын қайта табыстаған ірі ғұлама Оразбай Зәріпбай Жұманұлына үлкен алжыс айтып өздеріңізбен келесі шығарылымдарға дейін қоштасып қаламыз.

Ақпарат үшін телефондар: 8 776 333 11 13. Барлық құқықтар сақталған. Мақаланы пайдаланған жағдайда автордың ісіне сілтеме көрсету қажет.

Мақаланың авторы Ділмұрат Уразбаев.