Умар Кремлев бокстан әлем чемпионатын Астанада өткізуден бас тартты

723

ІВА 2025 жылы ерлер арасындағы әлем чемпионатын Қазақстанда ұйымдастыру туралы хабарламасын ресми сайтынан алып тастады, деп жазады turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бокс қауымдастығының дереккөзінде тек әйелдер арасындағы әлем чемпионатының келер жылы Сербияда өтетіні туралы ақпарат қана жариялаған.

Бұған дейін кезекті әлем чемпионатын Астанада өткізу туралы шешім қабылдаған туралы хабар тараған еді. Алайда көп ұзамай ІВА бұл райынан қайтқан секілді. Себебі ресми сайтта ерлер арасында әлем чемпионатын 2025 жылдың мамыр айына жоспарланғанын айта келе, өткізетін орынды белгілеу жыл соңына жоспарланғаны айтылған.

ІВА-ның атқарушы бас директоры Крис Робертс аталған әлем чемпионаты барлық спортшыға тең мүмкіндігін беретінін атаған.