«Елдегі ең ықпалды адам — Тоқаев»

1464

GR Consulting Groupтың атқарушы директоры Ербол Еділов өзінің  Телеграм каналына жыл сайын Қазақстандағы ықпалды азаматтар тізімін жасап, салады. Бұл рейтингтер жеке аналитикалық зерттеу болғандықтан, ресми құжаттарда қолданылмайды.  

100 ықпалды қазақстандықтың рейтингін жасауда жаппай мониторинг қолданылады. Оның ішінде мансаптық өсуі, олардың БАҚ пен халық арасында танымалдығы, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлердің пікірлері және басқа да факторлар қарастырылған.

Биыл да рейтинг жасалды. Алғашқы ондықты ер азаматтар бастап тұр.

Олар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Кәрім Мәсімов, Асқар Мамин, Нұрлан Нығматулин, Абай Бисембаев, Тимур Құлыбаев, Самат Әбіш, Қайрат Сатыбалдыұлы, Бауыржан Байбек, Әсет Исекешев.

Рейтингте Дариға Назарбаева 12-орын, Алия Назарбаева 43-орын, Динара Құлыбаева 56-орынға жайғасқан.

Рейтингке алғаш болып Алмасадам Сатқалиев, Жанат Элиманов, Асет Ерғалиев, Серік Шапкенов, Ғабидулла Абдрахимов, Арман Қырықбаев кіріп отыр.

Естеріңізде болса, осыған дейін (былтыр) Ербол Еділов Қазақстанда ең ықпалды 50 әйелдің тізімін жасаған. Онда топ бастаған үштік — экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үш қызы болған.

Abai.kz