ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ – ЖҰМЫС ТАБУҒА МҮМКІНДІК

1142
Шымкентте «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жастарды жұмыспен қамту белсенді жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның жемісін көрген жастардың бірі – Ақерке Әбсаттар. Жас маман жоғарғы оқу орнын «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әлеуметтік желіден «Жастар практикасы» туралы хабарландыруды көріп, жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеледі. Кейін «Фемида» колледжіне жастар практикасы бағдарламасымен 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды.
Жалпы,«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік. Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК (72 925 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады.
Шымкентте жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 800-ден аса шымкенттік жас аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.