БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК МОЛ

1623
Мен спортпен 12 жасымнан бері айналысып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атандым. Таэквондодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болдым. Азия чемпионы, халықаралық Гран Придің күміс жүлдегері атандым. Лондон Олимпиадасына қатыстым. . Жақында ел чемпионы атандым.
Тәуелсіздік жылдары Шымкентте көптеген спорттық нысандар салынды. Спорттық секцияларға баратын жастарымыз да көбейді.
Бұқаралық спортты дамыта түсуге қатысты ұсыныстарымды атап өтсем…
Биыл 1 мамырдан бастап, балалар үшін спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелер ақысын мемлекет толық өз мойнына алды. Енді осы заң тұрғындар арасында насихатталса деймін.
Қаладағы Нұрсәт, Тұран, Шымкент-сити сынды жаңа шағынаудандарда спорт орталықтары жұмыс істеуі қажет.
Шымкент миллионды қала. Дегенмен халқы көп шаһарда спорт бассейндері аз. Сондықтан жаңа шағынаудан аумақтарынан бассейндер көптеп салынса. Бұл бір жағынан су спортын дамытуға ықпал етсе, екінші жағынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі 6 мыңнан астам баланы суда оңалтуға ықпал етер еді.
Ергешова Феруза Адылжановна,
халықаралық дәрежедегі спорт шебері