Алтынай Жорабаева жауапты қызметке тағайындалды

1464
Сахна саңлақтары жаппай басшылық қызметке тағайындалып жатыр. Осыдан бірер күн бұрын Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының проректоры қызметіне келсе, күні кеше Алтынай Жорабаеваның да “шені” көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жезтаңдай әнші “Нұр Отан” партиясында жауапты қызметке тағайындалды. Бұл туралы Алтынайдың өзі айтып берді.
“Бүгін мен үшін ерекше күн болды. “Нұр Отан” партиясы Астана қалалық филиалының ХХVII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Саяси кеңес құрамының мәдениет саласынан бекітілдім. Алдын ала құттықтауларыңызға рахмет”, – деп қуанышымен бөлісті ол.
Айта кетейік, Алтынай Жорабаева 2017 жылы партия қатарына қабылданған.