“Алтын доптың” жаңа иегері белгілі болды

1184
Мадридтік “Реал” мен хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич “Алтын доп” иегері атанды.
Бұл жолы “Алтын допты” Роналду да, Месси де ала алмады. Ол жылдың үздік футболшысына берілетін бейресми марапат. 2007 жылдан бері бұл марапатта Месси мен Роналду 5 реттен алған еді.
Жаңа “Алтын доп” иегері марапаттан кейін “Реал” команда әріптестеріне, клуб қызметкерлері мен бапкерлеріне алғысын айтты. Ол аталған жүлдені алған Хорватияның алғашқы футболшысы. 33 жастағы жартылау қорғаушы “Реалдың” чемпиондар лигасында жеңуіне көмектесті. Ресейде өткен әлем чемпионатында Хорватияның жақсы ойын көрсетуіне көп үлес қосты.